Астананың 10 жылдығына арналған "Қазақстанның үш астанасы" веложарысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың 10 жылдығына арналған "Қазақстанның үш астанасы" веложарысы басталды

Астананың 10 жылдығына арналған "Қазақстанның үш астанасы" веложарысы басталды

Қызылорда. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада кеше Астананың 10 жылдығына арналған "Қазақстанның үш астанасы" атты көпкүндік веложарыс басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық телеарнаға сілтеме жасап.

  • 1 Шiлде 2008
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Қызылорда 1925 — 1929 жылдар аралығында Қазақстанның бірінші астанасы болғаны мәлім. Дәл сол кезде Ақмешіт қаласы қазіргі атауға ие болған», -дейді телеарна.

Арал өңірінің 20 таңдаулы велосипедшісі Қазақстанның мемлекеттік туын Қызылорда — Алматы — Астана бағытында алып өтеді. Жолдың ұзындығы 2,5 мың шақырымға тең.

«Біз бұл қашықтықтан қорқып отырған жоқпыз. Веложарыс жоспардағыдай 3 шілдеде Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың қатысуымен «Қорқыт қобызы» гүлзары ашылатын сәтте аяқталады деп сенемін», -деп мәлімдеді велосипед спорты бойынша Азияның жеңімпазы Берік Көпешев.

Бұл гүлзар Қызылорда облысы тұрғындарының Астананың 10 жылдығына арнаған тартуы.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін веложарыс оңтүстік астанаға жетеді. Ол 3 шілдеде «Қорқыт қобызы» гүлзарында Қызылорда облысының өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін мерекелік концертпен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті