Президент еске салғанындай, биылғы жылы Қазақстанның жаңа Елордасы -Астананың 10 жылдық мерекесі аталып өтеді. «Бұл жалпыұлттық мереке «, — деп атап өтті Н. Назарбаев, бірақ оны «шулы мерекеге айналдырып, бюджеттен көп мөлшерде қаржы шашып, үлкен ақшаға атақтыларды шақырудың қажеті жоқ «.
Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке, президент әкімшілігіне «бірлесіп шара қолданып, оны байсалды өткізуді» тапсырды. «Мен барлық облыс әкімдерін бұл жөнінде ойланып мерекені өткізу шаралары бойынша өз үлестері қосуды сұраймын. Қазақстан осы жылдар ішінде «жасап шығарған» біздің ірі кәсіпкерлеріміз, инвесторларымыз бен банкирлеріміз де бұған араласып, қатысулары тиіс», — деді ол.
«Осы мереке арқылы біз қысқа мерзім ішінде дала төсінде заманауи ірі қаланы салғанымызды көрсетуіміз керек. Бұл ән мен биге, ырду-дырдуға, тегін қабылдауларға айналмауы керек», — деп қорытындылады Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті