Астананың 1-4 сынып оқушылары бүгін сабақтан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың 1-4 сынып оқушылары бүгін сабақтан босатылды

Астананың 1-4 сынып оқушылары бүгін сабақтан босатылды

Бүгін Елордада қар жауып, күшті жел соғып, алай-дүлей боран соғып тұр. Соған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

Желдің жылдамдығы 10-15 м/с құрайды, екпіні 18 м/с жетеді.

 «Бүгін күннің суытуына және қатты желге байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді»,- деп хабарлады ведомстводан.

 «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, елордада ауа температурасы түнде -3;-5°C, күндіз -2;-4°C болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран болады.