Астананың “Локомотиві” оңбай ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың “Локомотиві” оңбай ұтылды

Астананың “Локомотиві” оңбай ұтылды

Еліміздің премьер лигасында жеке дара көш бастап келе жатқан  Астананың “Локомотиві” 13- турда оңбай ұтылды. Павлодарға жолы түскен астаналық футболшылар  кездесу барысында ойынды  бес рет ортадан бастауға мәжбүр болды.  Ірі есеппен ұтылған  қонақтар  өз кезегінде бір гол соға алмай кетті. 

  • 28 Мамыр 2011
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі ойындағы голдар легін кездесудің 19- минутында Константин Заречный бастап берді. Оның алыстан тепкен добы торда домалап қалса,  көп ұзамай  Георгий Даскалов көзге түсті.   Қос голдан кейін есін жиған  астаналықтар  үзіліске дейін “Ертістің” айып алаңын ойқастағанымен,одан нәтиже шығара алмады.  Есесіне  “Локомотивтің” осал тұсын дөп тапқан алаң иелері   таблодағы есепті қайта-қайта ұлғайтумен болды.   Павел Шабалин екі голдың авторы атанса,   кездесудің соңғы минутында  Георгий Даскалов осы бәсекедегі өзінің екінші голын соқты. Бүгінгі ірі жеңістен соң есебіне 23 ұпай жазған   “Ертіс”  турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.   Турдағы басқа ойындардың нәтижесі:   “Қайсар” — “Тараз” 1:0,   “Қайрат ” —  “Ақтөбе” — 3:0 ,  “Атырау”- “Ордбасы” — 1:1,  “Тобыл”- “Жетісу” — 1:0 және  “Восток”- “ Шахтер”- 1:2      

Ертең   футбол сүйер қауым  құдіреті күшті футбол өнерінің   үлкен бір қойылымына куә болады.  Әйгілі Уимблдон сахнасында өтетін  футбол спектаклінде  биылғы маусымның басты кейіпкерлеріне айналған  “Манчестер- Юнайтед” пен “Барселона” Еуропа чемпиондар лигасының бас жүлдесін  сарапқа салады.

Мұндай матчтыкөрген де,  көрмеген де арманда.  Жанкүйер атаулыны жай таптырмай жүрген алдағы ойындыдоданың ортасына  түсетін футболшылардың өздері де асыға күтуде.  Финалға қатысатын футболшылардың ішінде  атақ-даңқы жағынан   бәрінен шоқтығы биік тұрған “Манчестер — Юнайтедтің ”  жартылай қорғаушысы Райан Гиггз клубтың арнайы сайтында:  “Финалда шын мәнінде Еуропаның ең күшті клубтары кездеседі. Бұған күмәнім жоқ. Биыл “Барселона ” Испания біріншілігінде топ жарса, біз Англия  премьер лигасының чемпионы атандық. Екі клуб та бір-біріне тұрарлықтай. Ертең футбол жанкүйерлерін  керемет матч , матч болғанда  нағыз ертегі  финал  күтіп тұр десем,  артық айтпаған болар ем”-деп ағынан жарылыпты.  


Парижде өтіп жатқан Францияның ашық чемпионаты күн санап қыза түсуде. Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль екінші айналымда өзінің отандасы Пабло Андухардан басым түсті.

Үш сағат 18 минутқа созылған  үш сеттегі  тартысты бәсеке 7:5, 6:3 және 7:6 есебімен аяқталды.  Рафаэль Надаль турнирдің үшінші раундындаосы күні ресейлік Николай Давыденконы жарыс жолынан шет қалдырған хорват Антонио Веичпен кездеседі. “Ролан Гарросқа” төртінші нөмірмен терілген  Энди Маррэй де турнир кестесінде жоғары өрлеп келеді. Британиялық теннисші бұл жолы 7:6,6:4,7:5 есебімен италиялық қарсыласы Симоне Болеллиден алда болды. Бельгиялық тәжірибелі теннисші Ким Клийстерс екінші айналымда сүрінді. Әлемнің  экс-бірінші ракеткасы  екі  сағатқа жалғасқан бәсекенің нәтижесінде голландиялық Аранте Русқа жол берді. Есеп  — 6:3,5:7, 1:6.

Олимпиадалық ойындардың үш дүркін жеңімпазы,жамайкалық спринтер Усэин Болт Италия астанасы Римде өткен “Гаухар  лигасы” аясындағы кезекті жарыстың бас жүлдесін иемденді

Ә дегенде  өзгелерден сәл кешігіп барып алға ұмтылған  әйгілі желаяқ мәре сызығына санаулы метрлер қалғанда ғана алдында  заулап бара жатқан  отандасы Асафа Пауэллды басып озды.  Әлемдік рекордтардың иегері  бұл жолы 100- метрлік дистанцияны 9,91 секундта жүгіріп өтті. Асафа Пауэлл екінші орынды місе тұтса, Еуропа чемпионы,франциялық атлет Кристоф Леметр үшінші нәтиже көрсетті. Биіктікке секіру секторында күш байқасқан әйелдер арасында 1метр 95 см бағындырған    хорватиялық Бланка Власич бірінші орынды иеленсе, 400метрге жарысқан желаяқтар додасында әйгілі америкалық атлет  Эллиссон Феликс алдына жан салмады.  

Соңғы жаңалықтар