Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 4-желтоқсан күні 11 сағат 55 минутта суық су құбырының жарылуы салдарынан мектепке дейінгі балалар мекемесі және 11 тұрғын үй сусыз қалған.
18 сағат 45 минутағы жағдайға сәйкес, апаттық жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған, сумен қамтамасыз ету орнына келтірілген.
Апаттық жөндеу жұмыстарын 10 адам және 5 техникадан тұратын «Астана су арнасы» МҚК бригадасы атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті