Астананың қақ ортасында жаппай төбелес болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың қақ ортасында жаппай төбелес болды

Астананың қақ ортасында жаппай төбелес болды

Астананың қақ ортасында жаппай төбелес болды. Ережесіз жекпе-жек ұйымдастырғандардың әрекеті көшеде орнатылған камераға түсіп  қалған.

  • 26 Қараша 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz


Мына кадрлерде кафеде ерегесіп қалғандар далаға шығып бір-бірінің тұмсығын бұзуда. Ішімдікке тойып алып, күштері тасығандардың шама-шарқы алғашында бірдей еді. Бірақ кастет киіп алған еңгезердей жігіт қарсыластарын жойқын соққысымен сұлатып жатыр. Сөйтіп төртеуі жабылып жүріп үш жігітті сабап тастады. Тіпті өлім аузында жатқандарды басынан аяусыз тепкілеуде. Ауыр соққы алғандар ауруханаға жеткізіліп, ажалдан аман қалды. Ал полиция төбелесті бастаған бұзақылардың қолына кісен салып, изоляторға жапты.