Астананың студенттері де Әбзляовты қайтаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың студенттері де Әбзляовты қайтаруды талап етті

Астананың студенттері де Әбзляовты қайтаруды талап етті

Қазақстандық жастар Мұхтар Әблязовты асыға күтіп жүр. Олар бүгін Астанада Франция елішілігінің алдында флэш-моб өткізді.

  • 17 Тамыз 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz


Француз тілінде «әділеттілік» деп айқайлаған мына нояндар флэш-мобқа бірнеше күн дайындалған. Алайда сайып келгенде, бүгінгі шараға небәрі он шақтысы жиналды. Бар-жоғы 6 минут айқайлаған жастар тіпті арнайы сахналық киіммен келген. Олар да Мұхтар Әблязовты Франция елінен қайтаруды талап еткен үшбу хатын әкеліпті. Дегенмен абыр-сабырмен жүріп әлгі жазып келгенін елшілікке де тапсырмастан кетіп қалды. Естеріңізге салсақ, екс-банкир Мұхтар Әблязов БТА банкінің 5 млрд.тан астам қаржысын алып қашты, қылмыстық топ құрды деп айыпталуда. Оның артынан Қазақстаннан басқа тағы Украина, Ресей елдері де іздеу салған.