Жарияланды: 20

Астананың жекеменшік балабақшаларына қосымша 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс беріледі

Астананың жекеменшік балабақшаларына қосымша 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс беріледі

Биыл Астанада жекеменшік балабақшаларға 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев атап өткендей, биыл балабақшадағы орын санын арттыру мақсатында мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарда 8 мың балаға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша 200 орынға арналған балабақшалар желісі ашылады.

«Былтыр балабақша тәрбиешілерінің 120 педагогі қайта даярлау курсынан және 641 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарынан жалпы 1 012 тәрбиеші өтеді. 2025 жылға дейін бейінді білімі бар тәрбиешілердің үлесін кезең-кезеңімен 100% жеткізетін боламыз», - деді Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ Басқарма басшысының айтуынша, биыл мектептерде көркем әдебиет қорын ұлғайту мақсатында бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Кітапханалардың интерьерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда қаланың 36 мектебінде кітапханалар заманауи жабыдықталды. 46 мектепте оқырмандарға арналған коворкинг (сoworking) аймақтары ашылды. 2023 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін 19 мектеп кітапханаларының интерьері (редизайн) жаңартылып, жаңа коворкинг орталықтары ашылады.

Бұдан бөлек, мәлім болғандай, биыл Астанада 2 мыңнан астам оқушыға арналған оқушылар сарайы іске қосылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін