"Астаудағы миллиондар": Жұлдыздардың миллион таратуы шынайылық па? Әлде...? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астаудағы миллиондар": Жұлдыздардың миллион таратуы шынайылық па? Әлде...?

"Астаудағы миллиондар": Жұлдыздардың миллион таратуы шынайылық па? Әлде...?

Қазақстандықтар табысынан айырылып, 42 500 ді қалай аламыз, коммуналдық төлемдерді қайтып төлейміз деп бас қатырып жатқанда елдегі танымал адамдар әлеуметтік желіде 1 миллион теңгеден сыйға таратамыз деп, жаппай жарнама жүргізіп жатыр.

  • 23 Сәуiр 2020
  • 198
Фото - Caravan.kz

Және "бұл миллиондарды елімізде болып жатқан жағдайға байланысты қуаныш сыйлау мақсатында үлестіреміз" дейді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көктен жауған миллиондар, көкке жауған миллиондар, табаққа түскен миллиондар, таяққа түскен миллиондар. Танымал адамдардың ақшаны асқа айналдырып, жегісі келіп тұрып, бірақ оны жей алмай оқырмандарына бергісі келіп тұрған жазбалары желіге толып кетті. Бұл сонда қайдан шыққан батпан құйрық?!

Дәулет Мұқаев, блогер:

20 танымал жан, 20 өнер адамы десе де болады. Өзіміз 50 мың теңгеден шығарып, байқау ұйымдастырып жатырмыз.

Яғни, 20 қолданушы әрқайсысы 1 000 000 теңгені бәйгеге тігіп жатқан жоқ. 20 адам 50 мың теңгені ғана ұтысқа қояды. 1 000 000 теңге деген жарнаманы жақсылап оқысаңыз жиыны деген сөз соны білдіреді.

Ұйымдастырушылар да мұны растады.


Айым Жекенова, SMM-маман:

Олар демеушілерді табады, демеушілер қоржынға қаржыны жинайды. Сол қаржының белгілі бір бөлігін жұлдызға, әртіске беріп, гивтің жарнамасын жасатады.

Маманның сараптамасына сенсек, өздері ақша жинап, жүлде ойнатаған бастаған жұлдыздардың әлеуметтік желідегі аудиториясының белсендігі төмендеп кеткен.

Айым Жекенова, SMM-маман:

Аудиторияның барлығы меценаттарға, журналистерге, шынайы елде болып жатқан жағдайға жақсы дереккөз беретін аккаунтарға кетіп жатыр.

Яғни, халық нақты көмек пен ашық ақпаратқа зәру. Ал карантинге қамалған жұлдыздар аудиторияны қалай ұстау керектігін білмей дал. Жалғыз жол — ақша арқылы адам тарту.

Соңғы жаңалықтар