Асылып өлген аурухананың бас дәрігері ақырғы хатында кінәлілерді атап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылып өлген аурухананың бас дәрігері ақырғы хатында кінәлілерді атап кетті

Асылып өлген аурухананың бас дәрігері ақырғы хатында кінәлілерді атап кетті

Ақтөбе облысындағы аудандық аурухананың бас дәрігері өзіне қол салды. Байназар Шағыров ақырғы хатында өліміне Әйтеке би ауданы әкімі мен өзінің орынбасары себепші деген. Туыстарының айтуынша, ол екеуі емдеу мекемесін жөндеуге байланысты өткізілген тендерді таныстарына ұтқызып, марқұмды былықтарына тартпақ болған екен. Сонымен қатар, әкім осыдан 1 ай бұрын әйелінің мейрамханасында жаппай уланған қонақтар туралы тіс жармауға да бұйрық беріпті.

  • 24 Тамыз 2013
  • 852
Фото - Caravan.kz

Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері Байназар Шағыровтың жалдамалы пәтерде асылып тұрған жерінен туыстары мен достары тауып алыпты. Өзіне қол салардың алдында оларға телефон шалып, қайда отырғанын айтқан. Себебі 20 күн бұрын бас дәрігер ұшты-күйлі жоғалып хабарсыз кеткен болатын. Сөйтсе, ол аудан әкімінен қысым көріп, облыс орталығына келіп тығылыпты. Аудан басшысы ауруханадағы Жақсылық Қасымов есімді сыбайласымен бірлесе тамыр-танысына емдеу мекемесіне қатысты тендерлерді үлестіріп, сол құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі депті ақырғы хатында.

  Амангүл Тұржанова, марқұмның жұбайы:

— Әкім күн бермейтін. Күнде сенбі жексенбі демейді, түнгі 11 демейді келіп шақырып алады. Соңғы сөзі маған 31-і күні телефон соққанда  әкім маған қысым көрсетіп жатыр деді. 

Осыдан бір ай бұрын Қарабұтақ ауылындаалпыстан астам адам астан ұшынып марқұм басқарған ауруханаға түскен еді.  Ол кезде аудан әкімі Аманғали Бердалин өзінің әйеліне тиесілі тойханада мұндай оқиғаның болғанын жасыруды бас дәрігерге бұйырыпты.


Ерназар Шағыров, марқұмның інісі:

Аудан әкімінің мейрамханасы болған соң ол жерде уланғандар жайлы тіс жарма деген. Науқастардың жаппай ауруханаға түскенін жасыруды сұрапты. Сол кезде мықты қысым көрді.

Марқұмның ақырғы хатында, аудан әкімімен қоса, кінәлі деп көрсетілген Жақсылық Қасымов бас дәрігер өліміне еш қатысым жоқ деп ант-су ішуде.

Жақсылық Қасымов, Әйтеке би аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

— Меніңше қол оныкі емес. Мен оның қолын білемін салыстыруға да болады. Сондықтан ол сенімсіз қағаз.

Ең сорақысы ақырғы хат туралы ести салысымен аудан әкімі мен марқұмның орынбасары Байназар Шағыров отбасылық жанжалға байланысты суицд жасады деген қауесет тартқан.

— Отбасылық жағдай  деген сөз болды ма?

— Жоқ.

— Енді мыналар өтірік айтып тұр ма бүкіл халық?

Қазір облыстық Ішкі істер департаменті осы іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындап, тексеруге кірісіп кетті.