Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталының тілшісі хабарлады.
Сот отырысына баланың биологиялық анасы Зухра Исахова да келді. Ол зот залына бетін бүркеп кірген. Сондай-ақ ақпарат құралдарымен тілдесуден де бас тартты. Сот отырысы аяқталған соң да Исахова бет-жүзін көрсетпей БАҚ өкілдерінен сытылып кетуге тырысып бақты.
Бұған дейін сот талқысына тілшілерге қатысуға рұқсат берілген болатын. Әйтседе, соңғы сәтте прокурор баланың мүддесі үшін журналистердің қатысуына қарсылық танытты.
Еске сала кетсек, Гүлжан Қылыбаеваны бес айлығынан бері тәрбиелеп келе жатқан екі жасар баласы Жеңіс Ысқақовқа қамқорлық жасау құқынан айыру көзделген.
Қылыбаевтар отбасы асырап алуға арыз түсіргенде тиісті органдар баланың биологиялық анасын рұқсатын алу үшін іздеп тапқан. Бірақ Зухра Исахова баласын өзіне қалдырғысы келетінін мәлімдеген. Бұған дейін түрлі сот инстанциялары Исахованың мүддесіне қарай шешім шығарып келген.