Ата-анасымен бірге наразылық білдірген балаларды полиция ұстап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анасымен бірге наразылық білдірген балаларды полиция ұстап әкетті

Ата-анасымен бірге наразылық білдірген балаларды полиция ұстап әкетті

Астанада оқушы балаларды полиция ұстап әкетті. Олар ата-аналарымен бірге бүгін наразылыққа шыққан болатын."Махаббат" кешенінің тұрғындары бұған дейін де, пәтерлерді босату туралы сот шешімін қайта қарауды талап етіп, бірнеше рет ереуіл өткізген. Билікке сөзін өткізе алмаған үлескерлер ақыры бала-шағасын жетектеп ақпарат құралдары отырған «Қазмедиа» орталығына келді.

  • 7 Наурыз 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz


«Тарт қолыңды» , Тиіспе…

Алайда, наразы топты журналистер емес, полицейлер күтіп алды. Тәртіп сақшылары олардың айғайына да қарамастан күштеп автобусқа мінгізіп, бөлімшеге алып кетті. Айта өтейік, «Махаббат» тұрғынүй кешеніндегі дау 5 жылдан бері жалғасып келеді. Үлескерлер 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, кешен иесіне ақша төлеп келген. Кейін мердігер компанияның бұл баспаналарды басқаларға саудалағаны анықталды. Ал жаңа қожайын болса жұрттан пәтерлерді босатуды талап етуде. Сот та тұрғындардың келісім-шарттарын «жарамсыз» деп тапты. Бірақ маңдай тер ақыларына алған баспаналарын үлескерлер оңайшылықпен босатпақ емес.