Атақты «МС Сайлаубек»-тің туыстары бауырларын мазақ еткендерді сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты «МС Сайлаубек»-тің туыстары бауырларын мазақ еткендерді сотқа бермек

Атақты «МС Сайлаубек»-тің туыстары бауырларын мазақ еткендерді сотқа бермек

«МС Сайлаубек»-тің туыстары көпшіліктен оны келеке қылмауды талап етті! Ендігі жерде олар бауырларына арақ беріп, өзіне ғана түсінікті тілде ән айтқызып, ғаламторға салғандарды сотқа бермек. Айтуларынша, қазір үйден маза кеткен. Себебі, бірге суретке түспекші болып, Сайлаубекті арнайы іздеп келетіндер күн-түнге қарамайды екен. Қызық іздеген жұрттың бұл қылығына әбден ашынған Сайлаубектің бауырлары бүгін біздің тілшілеріне сұхбат берді.

  • 2 Шiлде 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

Өзіне емес, өзгеге күлуден алдына жан салмайтын жұрттың қылығы қазір Сайлаубектің бауырларына оңай тимей тұр. Өйткені отбасындағы Сайлаубектен өзге 8 бала қазір Атырау өңіріне белгілі ғалым-оқытушылар.

Әлия Қабдыхамит, Сайлаубектің апасы:

-9 баламыз. 5 ұл, 4 қыз. Барлығымыз да елге  қызмет етіп жатырмыз. Бірақ, бес саусақ бірдей емес дейді. Біздің ортамыздан осындай інішегіміздің келеңсіз жағынан көрінгені өте өкінішті. Айналадағы адамдар пайдаланып, оны жаман жағынан көрсеткені бізге өте батып тұр.

Қатты батқаны соншалық, енді олар заң орындарынан көмек сұрамақ. Яғни бауырын күлкі үшін түсіріп, көпшілікке тарататындардың алдағы уақытта бастары дауға қалуы мүмкін.

Жанаргүл Қабдыхамит, Сайлаубектің қарындасы:

-Егер де жай сөзді түсіну керек. Сайлаубектің соңынан  қалмай түсірулерін қоймайтын болса, біздер қуынып, заңды орындарға арыздарымызды береміз. Және шара қолдануға әзірміз, жанұя атынан айтарымыз сол.

Бауырларының айтуынша, Сайлаубек мектепте тіл мен әдебиетке, ән-жырға өте жақын болған. Тіпті, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да иемденген. Мұны Сайлаубектің өзі де растап отыр. Сіз бен біз түсіне бермейтін тілде ән айтатын ол бүгін Махамбеттің адуынды шумақтарынан да төгіп жіберді.

-Исатай басшы, мен қосшы.

-Исатайдың сол күнде, Ақтабан аты астында.

-Дулығасы басында, Зығырданың қайнайды.

-Артындағы көп әскер, Маңыраған қойдай шулайды…

Сайлаубектің айтуынша, көпшілікке белгілі боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Тек әлдекімдер мұның ән айтқанын камераға түсіріп алып, ғаламторға салып жіберген. Сайлаубектің өзі істің бұлайша насырға шауып кететінін білмедім дейді.

Сайлаубек Қабдыхамит:

-Былай өзім үшін  айтып жүрдім. Ондай ой болған жоқ, шығып кетем деген. Естіген өлеңдер ғой бұрынғы.

Сайлаубек өзгелер айтып жүргендей емес, ақыл-есі сау адам. Орта кәсіби білім алған. Үйленбеген. Тек ащы суға әуестігі бар екен. Ауызына арақ тисе өзгеріп сала беретін Сайлаубектің бауырларының көпшіліктен ендігі сұрары –  оны жайына қалдыру. Әйтпесе, қызық қуғандар құқық қорғау орындары алдында жауап бермек.