Бұл қарапайым тракторшы Әлеухан Бекболатұлының атын шығарған «Знай наших» туындысы. Күш атасына түр-тұлғасы ұқсайтын жігіт 1985 жылы түсірілген фильмге бірден таңдалды. Сөйтіп, актерлік білімі болмаса да, әлемге әйгілі қазақ алыбы Қажымұқанның рөлін сәтті сомдап шықты. Бірақ атаққа, марапатқа дүниеге мүлдем қызықпаған ол кейін қанша ұсыныс түссе де, бірде-бір киноға түскен жоқ. Жарнаманы аса ұната қоймайтын Әлеухан Бекболатұлы соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. 12 жылдан бері бас қалада тұрып келген марқұм бүгін Астанадағы зираттардың біріне жерленді.
Мұрат Мұхамбеков, марқұмның туысы:
-Құрылыспен яғни кәсіпкерлікпен шұғылданды. Уақытысында кәсіпкерлігінің оңға басқан кезі де болды. Артында қалдырған мұрасы Қажымұқан тұлғасын көрсете білгенінде. Қазақтың бір қарапайым ұлы ғой .