Бұл қаруды Кеңес жауынгерлері соғыс кезінде күрек ретінде де пайдаланыпты. Ал сабына тіреп тігінен қойғанда, шағын миноатқышқа айналады. Атасынан қалған бұл дүниені Пресновка ауылының тұрғыны 70 жылдай сарайында сақтаған. Кез-келген мұражайға жәдігер болуға жарайтын затты ол тәртіп сақшыларына ақшаға өткізді. Қазір қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына қарай миноатқыштың құны да анықталмақ.