Атбасарда бизнесмендер 70 тонна астықты ұрлап әкетпекші болды - телеарна
Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Атбасарда бизнесмендер 70 тонна астықты ұрлап әкетпекші болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып. |
Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, осы істі жасауға "Атбасар диірмені" ЖШС қызметкерлері мен Атбасар станциясының жұмысшылары көмектескен.
"Бидайды түн қараңғысында алып әкетпекші болып, 1 вагонға тиеген кезде күзет қызметі мен полиция оларды қамауға алды", - деп көрсетілген сюжетте.
"Қазіргі уақытта оған қатысы бар тұлғалар нақтылануда. Сондай-ақ, олар астықты кімге және қалай алып бергелі отырғаны анықталады. Олар Астанадағы уақытша тергеу изоляторына қамалып, сотты күтіп отыр", - деп хабарлады телеарна.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін