Атбасарда қалталы кәсіпкерді атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасарда қалталы кәсіпкерді атып кетті

Атбасарда қалталы кәсіпкерді атып кетті

Атбасарда қалталы кәсіпкерге қаруылы шабуыл жасалды. Қаскөйлер оны басынан атып өлтірген. 

  • 29 Қараша 2013
  • 268
Фото - Caravan.kz


Марқұм Павлодардың тумасы екен. Ақмола облысына астық әкеліп сатыпты. Қарақшыларға кәсіпкердің қалтасында қомақты қаржы барын әлдебіреулер хабарласа керек. Атбасардан шыға бере тасалау тұста көлігін тоқтатып, тонамақ болған. Алайда айтылған 12 млн теңгені таппай, ақыры сол жерде 43 жастағы азаматқа бірнеше мәрте оқ атыпты. Қаскөйлер де алысқа ұзай алған жоқ. 26 және 28 жастағы Астана мен Көкшетау тұрғындары қазір қамауда отыр.