Атом электр стансасын салу Toshiba компаниясына тапсырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атом электр стансасын салу Toshiba компаниясына тапсырылуы мүмкін

Атом электр стансасын салу Toshiba компаниясына тапсырылуы мүмкін

ҚР Энергетика министрi Владимир Школьник Қазақстанда атом электр стансасын салуға Жапонияның Toshiba Westinghouse компаниясы тартылуы мүмкiн екенін айтты. 

  • 23 Ақпан 2015
  • 1042
Фото - Caravan.kz

Оның сөзiне қарағанда, мәселе Балхаш мемлекеттік аудандық электр стансасына қатысты. 

В. Школьниктiң атап өткенiндей, үкiметте Канада, АҚШ, Қытай, Франция, Жапония, Оңтүстiк Корея сынды елдерден келген барлық үмiткерлермен талқылаулар жүргiзiлдi.

«Бiз көптеген жобаларды қарап шықтық және көп ұзамай үкiметке олардың сипаттамаларын көрсетiп, қандай стансаға тоқталуға болатынын баяндаймыз. Әлеуетi жоғары реакторлардың бiрi Toshiba Westinghouse компаниясының AP-1000 қондырғысы болып отыр. Бiз ол компанияның 10 пайыз акциясын иеленемiз. Стансаларды таңдау барысында бiз бұл нұсқаны егжей-тегжейлi қарайтын боламыз», — дедi ол.

Дегенмен, бұл мәлімдеме Toshiba компаниясының мiндеттi түрде таңдалып алынғанын білдірмейді. Себебi, өзге елдердегi компаниялардың ұсынған қауiпсiз әрi арзан жобалары да жетерлiк.