Аты шықпаған ақынның су тасқыны туралы өлеңі жаныңа батады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аты шықпаған ақынның су тасқыны туралы өлеңі жаныңа батады

Аты шықпаған ақынның су тасқыны туралы өлеңі жаныңа батады

Павлодар облысы Красная поляна ауылының тумасы Ербол Смағұлов аты шықпаған ақын. Алайда қаламынан шыққан туындыларымен газет-журнал басылымдарында ғана емес, әлеуметтік желі парақшасында да бөлісіп отырады екен.

  • 2 Сәуiр
  • 178
Фото: әлеуметтік парақшасынан алынған

Ақынды тек халық түсінеді. Халқының басына қиындық туғанда шабыты келген ақынның өлең жолдарын Caravan.kz медиапорталы ұсынады.

Ауылдарды еріген қар, топан су басты, 
Бұны күтпеген Үкімет әбден састы. 
Мал-мүліктен айырылған баспанадан, 
Халықтың берекесі, құты қашты. 

Жыл сайын болатын бұл құбылысты, 
Біле тұра бастамаған құрылысты. 
Дамбаларды салса қорған болар еді, 
Жауаптылар тек қана катаң сөгіс құшты. 

Елтаңбадан басқа бізде мәселе жоқ қой, 
Жағдайымыз жақсы қарнымыз тоқ қой. 
Деп ойлап жүрген кейбір шенеуліктер, 
Ұйқыдан оянып аң-таң болып, шок қой. 

Түсінерсіз әрбір сөздің астарын, 
Әкімдердің тік тұрғызып шаштарын,
Айқайлаудан басқа бізде амал жоқ, 
Көргеннең соң салбыраған бастарын. 

Халықтың шығыны өтелсе де толығымен,
Өтелмес жан-жарасы көзбен көрген. 
Апат айтып келмейді дегенменде, 
Алдын алу шарасын ескермеген. 

Кінәлілер нық жауапқа тартыла ма?! 
Салғырттығы құр айқаймен басыла ма?! 
Әділетті заң алдында жауап беріп, 
Жария боп ащы шындық ашыла ма?! 

Құтқарушылар және батыр жігіттерге, 
Алла разы болсын жасалған игі істерге.
Жағдайларын жақсартуға жоспар бар ма?! 
Сұрақтар көп Төтенше Жағдай Министрге. 

Жаңа адамдар өзгеріс әкеледі дейді… 
Әкелсе де пайдасын ел еш көрмейді. 
Қосылғыштың орындары ауысқанмен, 
Үкіметтің қосындысы өзгермейді. 

Орынды емес жүйені өзгерткен дұрыс болар,
Сонда ғана елге бақ құсы келіп қонар. 
Жемқорлыққа балта шабар кез келді ғой, 
Әйтпесе таусылмас ұры қазынаны тонар… 

Елім аман жұртым тыныш болса деймін, 
Әділетті заң орнасын деп тілеймін. 
Алла жар боп қорған болғай баршамызға, 
Ей, адамдар тарылмасың кең пейілің… 

Авторы: Ербол Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар