Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленетіні белгілі болды

Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленетіні белгілі болды

Мұғалімдердің жалақысы мен демалыс ақысы, оның біліктілік санаты және еңбек өтіліне байланысты екені айтылды.

  • 16 Мамыр
  • 25
Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева ОКҚ алаңында өткен брифингте еңбек демалысының төлемі қалай есептелінетіні жайында түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына шығатынын және экологиялық апатқа жататын өңірдегі ұстаздар 65 және 66 күн демала алатынын айтты.

“Мұғалімдердің еңбек ақысы Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Осы ретте еңбек ақысы мен еңбек демалысының төлемі мұғалімнің жүктемесіне, біліктілік санатына және еңбек өтіліне байланысты болады. Осы жиынтық бойынша оның жалақысы мен демалыс ақысы есептелінеді, — деп түсіндірді вице-министр брифингте.

Айтуынша, бұл сұрақтар тарифке байланысты жеке-дара есептеледі.