Екі қазақстандық спортшы Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі қазақстандық спортшы Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі

Екі қазақстандық спортшы Португалиядағы турнирдің ширек финалында кездеседі

Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

  • 16 Мамыр
  • 18
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды. Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. 

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды — 7:6 (10:8), 6:0.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.