Атырау әуежайынан табылған сөмке адамдарды жолынан қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау әуежайынан табылған  сөмке адамдарды жолынан қалдырды

Атырау әуежайынан табылған сөмке адамдарды жолынан қалдырды

Атырау әуежайында төтенше жағдай. Алматы мен Астанаға ұшқалы тұрған рейске тіркеуден өтіп болған жолаушылар аяқасты кері қайтуға мәжбүр болды.

  • 18 Қазан 2014
  • 190
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері 300 адамды сыртқа шығарған. Бұған әуежайдың әжетханасынан күмәнді сөмке табылуы себеп.  Сәлден соң әуежайға кинологтар мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, өрт сөндірушілер де жетті. Жолаушыларға ішке кіруге тек жарты сағаттан соң рұқсат етілді. Дегенмен, «Бек Эйр» компаниясының Алматы мен Астанаға қатынауы тиіс екі ұшағы әлі әуежайда қаңтарылып тұр. Таңғы сағат сегізде әуеге көтерілуі тиіс болған жолаушылар 5 мәрте тіркеуден өткізілген.


Нұржан, жолаушы:

-Ұшақ  ұшпай қалды. Қайтарды, шығарды, қайтып кіргізді, шығарды. Есімізді тандырды.