Атырау іргесінде букмекерлік контораны тонауды ұйымдастырған жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау іргесінде букмекерлік контораны тонауды ұйымдастырған жігіт ұсталды

Атырау іргесінде букмекерлік контораны тонауды ұйымдастырған жігіт ұсталды

Атырау іргесінде букмекерлік контораны тонады деген күдік келтірілген екі жігіт ұсталды,

  • 16 Қаңтар 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады жұмада  облыстық полиция баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Оның ақпаратына қарағанда, екі күдікті Атырау тұрғындары, 1994 және 1995 жылы туған, өткен сәрсенбіде ұсталған, олардан пышақ пен маска тәркіленген.
Шабуылды ұйымдастырған үшіншісі Маңғыстау облысының тұрғыны, 1996 жылы туған, ол бүгін таңертең ұсталды. Ол аймақтан көлікпен қашып кетпек болған, бірақ Күлсары – Бейнеу жолынан ұсталды. Қазір оны күзетпен Атырауға әкеле жатыр, деді ол.
Атырау іргесіндегі букмекерлік контора өткен жексенбіде тоналған. Маска киген қарулы жігіттер кассадан 50 мыңнан аса теңге алып кеткен.