Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, құрбан болғандар мен қаза тапқан ешкім жоқ
Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, құрбан болғандар мен қаза тапқан ешкім жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Атырауда 22 оқазанда сағат 02.33-те "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-де жылуалмастырғыштың Т-48/2 вакуумды блогында прокладканың жоқтығынан және жоғары температураның салдарынан гудрон мұнай өнімі өзіндігінен тұтанды".
Құрбан болғандар мен қаза тапқан ешкім жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 30 адамының күшімен 03 сағат 25 минутта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін