Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылымынан үш жылдың ішінде профильді емес активтер шығарылатын болады - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" АҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылымынан үш жылдың ішінде профильді емес активтер шығарылатын болады - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" АҚ

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылымынан үш жылдың ішінде профильді емес активтер шығарылатын болады - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" АҚ

Астана. 16-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылымынан үш жылдың ішінде бірқатар профильді емес активтер шығарылатын болады. Бұл туралы кеше алғаш рет өткізіліп отырған "Қазақстанның мұнай өнімдерінің нарығы" атты халықаралық конференцияның барысында "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" АҚ-ның Бас өндірістік директорының орынбасары Данияр Тиесов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Қараша 2007
  • 790
Фото - Caravan.kz

«Біз Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылымынан профильді емес активтерді біртіндеп шығарудың үш жылдық бағдарламасын әзірледік», — деді Д. Тиесов.

Директор орынбасарының ақпараттарына сүйенсек, «зауыттың қалыптасқан құрылымы бұрынғы кеңестік тәжірибенің талаптарына сай құрылған болатын. Яғни, мұнай өңдеу зауытының құрамына тек технологиялық цехтар ғана кіріп қоймай, монтаждау басқармасы, құрылыс басқармасы, көлік цехы және көптеген қосымша бөлімшелер енген».

«Қазіргі уақытқа дейін негізгі өндіріспен айналыспайтын, яғни, мұнай өнімдерін шығармай, инфрақұрылымдық қызмет көрсетумен шұғылданатын осы бөлімшелердің бірқатарын мұнай өңдеу зауытының құрамынан шығарып, өз шығындарын өздері өтеуге — еркін нарыққа шығаруды дұрыс деп шештік. Бұл бізге мұнай өңдеу зауытының құрылымын неғұрлым тиімді қылуға мүмкіндік береді», — деп хабарлады Д. Тиесов.

Сонымен бірге, «біз бұл Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларын босатумен байланысты белгілі бір әлеуметтік салдарға ие болатынын түсінеміз. Сондықтан, біз бұл бағдарламаны біртіндеп, бірнеше жыл ішінде іске асыруды ұсынып отырмыз», — деп қорытындылады директор орынбасары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті