Полицейлер жүктің иесі болып табылатын Ресей азаматы мен автокөлік жүргізушісі — Қазақстан азаматын ұстады.
Тергеу нәтижесінде белгілі болғанындай, ұсталғандар «Газель» автокөлігімен бір тонна бекіре тұқымдас құнды балық түрін Қазақстан аумағынан шығарып әкетуге әрекет жасаған. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүзеге асырылуда.