Жарияланды: 850

Атырау облыстық полициясы қыз зорлауға құныққан қаныпезер туралы қауесетті жоққа шығарады

Атырау облыстық полициясы көбінесе балаларға шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған, қыз зорлауға құныққан қаныпезер туралы қауесетті жоққа шығарады.

Атырау облыстық ІІБ баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне берген ақпаратқа сәйкес, қараша айында кішкентай қызды зорлау оқиғасы шынында да тіркелген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірақ осындай оқиға бір мәрте ғана шығыпты. 12-қараша күні күндіз беймәлім біреу Атырау қаласының орталығындағы бір үйдің жертөлесінде мектеп жасындағы қызды зорлап кеткен. Бұл іс қазір облыстық ІІБ-ның бастығы Мұхаран Әміровтың тікелей өз бақылауында. Алайда, құқық қоргау органдарында істейтін сенімді ақпарат көзінен белгілі болғанындай, қазір кем дегенде осындай үш қылмыс туралы әңгіме өрбуде (екі бірдей зорлық оқиғасы мен бір сондай әрекет туралы). Алайда, полицияның ақпараттарында зорлауға талпыныс жасау оқиғасы бұзақылық ретінде тіркелген. 13-қарашада облыс орталығындағы ықшам аудандардың бірінде белгісіз біреу 8-класс оқушысын жарақаттаған. Тағы да сол ақпарат көзінің хабарлауынша, аталмыш қылмысқа қатысы бар сезікті ретінде 20-25 жастағы жігітті полиция асқан белсенділікпен іздестіріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін