Делегация құрамында Астрахань облысы үкіметінің негізгі министрлері, бизнесмендер бар.
«Қазақстан үшін Ресей Федерациясы — стратегиялық серіктес. Осының негізінде екі ел арасында, соның ішінде жеке облыстар арасында қарым-қатынастар нығаюда. Экономика, білім беру, денсаулық сақтау салаларында, құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері желісінде қарым-қатынас қарқынды дамып жатыр. Бұл қатынасты үнемі дамыту, нығайту қажет. Біз осы шаруамен айналысып жатырмыз», — деді ресейлік делегациямен кездесуде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
«Каспий теңізінің биоресурстарын сақтау, шекарадағы ауқымды өрттердің алдын алу, Каспий қайраңын игерудегі ынтымақтастықты дамыту — бұл бірлескен жұмыстар бағытының бір бөлігі ғана. Бұл жұмыстарды қазақстандық әріптестермен талқылайтын боламыз», — деп хабарлады А. Жилкин.