Атырау облысында 108 елді мекенге су астында қалу қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 108 елді мекенге су астында қалу қаупі төніп тұр

Атырау облысында 108 елді мекенге су астында қалу қаупі төніп тұр

Атырау облысында көктемгі су тасқыны салдарынан 108 елді мекен су астында қалуы мүмкін, деп хабарлады өңірдің ТЖД бастығы  Болатбек Омаров.

  • 6 Наурыз 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Атырау облысындағы су басу қаупі бар аумақтың жалпы көлемі 3 мың шаршы шақырымды құрап отыр. Бұл аумақта 108 село мен ауыл орналасқан.  Судан қорғау үшін 1967-1994 жылдары жасалған дамбалар бар. Олардың ұзындығы —  515 шақырым.  Алдын ала бағалау бойынша 126,8 шақырым дамбаны жөндеу қажет», — деді Б. Омаров.

Биыл аймақтағы су деңгейі өткен жылғыдан көбірек болады деп күтілуде. Осыған байланысты 153 тонна жанар-жағармай,   5382 тонна инертті материалдар қоры мен 14,9 мың қап дайындалды.

Жағдай күрделене түссе, облыста 1224 адамы бар құтқарушылар тобы тиісті шараларды жасауға әзір.  Оларда 131 техника мен 25 жүзу құралы және 2 тікұшақ бар.