Атырау облысында 7 үйді жөндеуге жетпеген ақша жұрттың ашуын туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 7 үйді жөндеуге жетпеген ақша жұрттың ашуын туғызды

Атырау облысында 7 үйді жөндеуге жетпеген ақша жұрттың ашуын туғызды

Атырау облысындағы Мақат кентінің 500-ден астам отбасы шұрқ-тесік шатырдың азабын тартып отыр. Бұл қалашықтағы көпқабатты үйлерді жөндеу осыдан он шақты жыл бұрын басталған. Алайда, игі істің шапағаты әлі 7 үйдің жұртына жетпепті. Салдарынан мұндағы халық қысы-жазы қабырғасы көгеріп, сыз тартқан үйде тұруға мәжбүр.  

  • 25 Шiлде 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

Жекен Қазимов мына пәтерін былтыр ғана жөндеген екен. Енді  төбеден сорғалаған судың кесірінен ақшасы желге ұшты.

-Әр бұрыштан терезенің несінен,төбеден тоқтың тұсынан аққан жер

Тұрғындардың өздері үйдің төбесіне шығып, тесік жерлерге қара қағаз төсепті. Бірақ одан пайда жоқ. Сыз тартқан кірпіштер үгітіліп, жерге құлап жатыр.

Клара Мұсалиева, Мақат кентінің тұрғыны:

— Төбеден су сарылдап ағады. Біздің үйге  40 жыл болды. Түк жөндеу жасалған жоқ. Әкімдіктің бізбен шаруасы жоқ.

Осыдан он шақты жыл бұрын жергілікті мұнай компанияларының бірі Мақаттағы жүзге тарта үйді жөндеуге қаржы бөлген екен. Бірақ ақша жеті үйге жетпей қалыпты. Енді 600-дей отбасы жауын жауса қай жерге тығыларларын білмей даурығады. Қалтасы көтеретіндері өзге жерден баспана жалдап кеткен. Басқалары шелектері мен шүберектерін сайлап  осында күнелтіп жүр.

Жекен Қазимов, Мақат кентінің тұрғыны:

-Ай сайын 1500 теңгеден пәтерақы төлеп жатырмыз. Жағдай жасамайды. Ал, қалай күн көруге болады? Арыз жазсаң бір-біріне сілтейді. Әкім прокуратураға, прокурор әкімге, әкім қайтадан ПИКке жібереді. Ешкім ештеңе істемейді.

Мақаттықтардың бұл машақатынан шенділер хабардар. Халықтан бораған шағымдардан шаршаған олар «қол қусырып отырған жоқпыз» деп ақталды. 


Аслан Қосмағамбетов, Мақат аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-Қаржы сұрап ұсыныс беріп қойдық облыс әкіміне. Облыс әкімі енді соны қанағаттандырса қаражат бөліп, біздің манағы сметалық құжаттар жасақтап, тиісті мекемелерге беріп, қаржысын салатын боламыз. Биыл соны енді қалдырмауға тырысамыз.

Ал үйдің бұрыш-бұрышынан аққан су электр сымдарын зақымдапты. Шенеуніктер уәделерін орындағанша, тоққа түсіп өлеміз бе деп қорқады мұндағы жұрт.