Жарияланды: 810

Атырау облысында балалардың сұлулық байқауы өтті

Атырау облысының Күлсары қаласында «Кішкентай ханшайым» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«Биыл Күлсарыда «Кішкентай ханшайым» байқауы алғаш рет ұйымдастырылды. Байқау дәстүрге айналып, жылда өткізіледі деп ойлаймыз», – деді байқаудың ұйымдастырушысы Жайна Нұрханова сейсенбі күні. Байқауға 3-5 жас аралығындағы 15 қыз бала қатысты. Ж.Нұрханованың айтуынша, байқау «жас дарындарды қолдау, бала жастан сұлулыққа баулу» мақсатында өткізіледі. Гран-при мен «Кішкентай ханшайымның» тәжі 4 жастағы Мәдина Мұханбетке бұйырды, оған диплом мен үлкен қуыршақ тарту етілді. 1 орынды 5 жасар Аружан Қабидоллаева мен 3 жасар Нұрдана Тарих, екінші орынды 4 жасар Набат-Шырын Жұмабай мен Шұғыла Сейталиевалар бөлісті. Үшінші орын 3 жасар Айназ Жұмабекқызы мен 5 жасар Зере Жақашқа бұйырды. Динура Іздибай «Көрермендер көзайымы» атанды. Байқауға қатысушылардың бәріне ойыншықтар тарту етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін