"Қылмыстық топ ҚР және РФ азаматтарынан құралған және 200 жүзу құралы арқылы балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқан. Қылмыстық топтың басшылары және белсенді мүшелері ұсталды. Браконьерлерден 10 тонна балық, жүзу құралдары және браконьерлік ұстау жарақтары тәркіленді. Қазіргі уақытта ҰҚК департаменті ҚР ҚК "Балық ресурстарын заңсыз аулау", "Билікті асыра пайдалану» және "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", — деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.