Атырау облысында екі жүк поезы соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында екі жүк поезы соқтығысты

Атырау облысында екі жүк поезы соқтығысты

Алматы. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында екі жүк поезы соқтығысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Ақпан 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 10 ақпанда 9 сағат 40 минутта Атырау-Махамбет темір жол өткелінде №2203 жүк поезы тоқтап тұрған №2017 жүк поезымен соқтығысты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат салдарынан «№2017 жүк поезының астық тиелген екі вагоны мен №2203 жүк поезының үш жұп доңғалағы шойын жолдан шығып кетті».

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осыған байланысты Мәскеу мен Душанбе арасында қатынайтын №330 жолаушылар тасымалдаушы поезының қозғалысы 5 сағат 20 минутқа тоқтатылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апаттан қалпына келтіру жұмыстары 15 сағатта аяқталды. Төтенше жағдайды жоюға Атырау темір жол бекетінің №9 қалпына келтіруші поезы, 1 арнаулы техника мен 70 адам жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті