Атырау облысында ірі жол апаты болды; 6 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында ірі жол апаты болды; 6 адам қаза тапты

Атырау облысында ірі жол апаты болды; 6 адам қаза тапты

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысындағы Атырау-Доссор автожолында 23 қыркүйек күні түнде ірі жол апаты болды, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 899
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Опель» автокөлігі «Фольксваген» көлігімен соғысты. Соның салдарынан «Опель» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі мен екі жігіт, сондай-ақ, «Фольксваген» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 21 және 27 жастағы екі жігіт оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен бірге, «Опель» көлігінде отырған 20 жастағы үш жігіт пен «Фольксваген» көлігінде отырған 25 және 27 жастағы екі қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті