Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды

Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды.

  • 4 Қазан 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы шақалақтың денсаулығына қатысты ақпарат беруге уәде етті.


Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көпбалалы ана жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастағанын жазған едік.