Бұл зерттеулерді жүргізуге «интеллектуалды қырғыш» деп аталатын робот қолданылады. Робот іште баяу қимылдап, құбырдың барлық параметрлерін жеткізеді. Мамандардың мәлімдеуінше, Қашаған кен орнынан ілеспе газ жеткізілетін құбырды зерттеу шамамен бір айға созылады.
Қашаған кен орнында мұнай өндіріле бастағаннан бері құбырдың құрлықтағы бөлігінен газ шыға бергесін құбырды зерттеу басталды. Мұнай өндіру белгісіз уақытқа тоқтатылды.
Атырау облысы бойынша Экология департаменті Қашаған теңіз кен орнын әзірлеуге қатысатын консорциумға жоспардан тыс тексеру жүргізуде.