Аймақта аяз да қаһарына мініп келеді. Облыстың солтүстік бөлігінде сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні сынап бағанасы 30 градустан төмен көрсеткішті көрсетті. Облыс орталығында да аяздың күштілігі сол деңгейді байқатты. Күндіз өңірдегі ауа температурасы 23-25 градус шамасында болады, деп күтілуде.