Атырау облысында қатты жел 32 үйдің шатырына зақым келтірді
Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында қатты жел 32 үйдің, 2 білім беру нысаны мен 3 әлеуметтік-тұрмыстық нысанның шатырына зақым келтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Атырау облысының Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында 21 тамызда сағат 16.50-де 20 минутқа созылған күшті желдің салдарынан 32 үйдің, 2 білім беру нысаны мен 3 әлеуметтік-тұрмыстық нысанның шатырына зақым келді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін