Атырау облысында шегірткемен күрес басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында шегірткемен күрес басталды

Атырау облысында шегірткемен күрес басталды

Атырау облысында шегірткеден келер қауіп жоқ. Дегенмен көршілес ресейлік облыстардан ауа жайылатын зиянкестер легіне тосқауыл қойылмаса, кейін бой бермей кетуі мүмкін.

  • 20 Маусым 2016
  • 406
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты қазір өңірдегі екі ауданда егістік алқаптарға химиялық ерітінділер шашылып, өңдеуден өткізіліп жатыр. Сонымен қатар бірлесе әрекет ету жөнінде көршілес Астрахань облысымен келісімшарт жасалды. Санитарлық қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, биыл Атырау облысына шегірткеден келер қауіп аз. Қазір зиянкес жәндіктердің көбеюі мүмкін аймақтар қатаң бақылауға алынды. Негізінен көршілес облыстармен шектесетін екі аудан қауіпті болғандықтан, алдын ала химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр.

— Биыл Атырау облысы бойынша 24600 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізіледі. Қазірге дейін 12050 гектар алқап өңделіп үлгерді. Негізгі екі ауданға қауіп төндіріп тұрғандары – итальяндық және азиялық шегірткелер, дейді Атырау облысы аумақтық инспекциясының басшысы Абат Жанғалиев.

Зиянкестердің табиғи өсіп-өнуіне қолайлы алқаптарға жылма-жыл дәрі себілетіндіктен, соңғы үш жылда қауіпті егіс-жайылымдық алқаптардың көлемі алты есеге азайған. Мәселен, 2014-15 жылдары бұл көрсеткіш 150 гектар алқапты құраса, биыл 24 мың гектар жер ғана өңдеуден өткізіледі. Шегірткенің мекен ету аумағы аса кең болғандықтан, химиялық ерітінділер тек әуе көлігімен шашылады.

— Күніне 1,5 мың гектар алқапқа дейін дәрі шашып шығамыз. Ұшу ауқымын шегірткелердің көп шоғырланған аймақтарына байланысты жоспарлаймыз. Егер шегіртке көп болса, кейде тәулігіне алты рет аздау болса, үш рет ұшуға тура келетінін айтады әуе көлігінің командирі Игорь Домовенов.


Ал мүлде қалың жерінде 300 гектар алқапты күні бойы өңдеуге тура келеді. Аймақтағы санитарлық ахуал әзірге осындай. Зиянкес жәндіктермен күрес қажетті деңгейде жүргізіліп жатыр. Ал басты қауіп Ресейден келетіндіктен, сыртқы көршілермен алдынала кесілімшарттар жасалды. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбемен облыстарымен шекаралас аудандар жергілікті мамандардың бақылауында болмақ.

Соңғы жаңалықтар