Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды

Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды

 

  • 6 Қазан 2021
  • 240
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы, Махамбет ауданында бума шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19:45 жетіп, өрт 23:07 минутта толығымен сөндірілген.

Алайда, 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Құрметті қазақстандықтар! ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді", — дейді ҚР ТЖМ Баспасөз қызме


Соңғы жаңалықтар