Жарияланды: 540

Атырау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа көрсеткіші 86,37 балды құрады

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан атыраулық түлектердің орташа көрсеткіші 86,37 балды құрады.

Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, бұл 2010 жылғы 84,4 балдық көрсеткіштен біршама жоғары. Есесіне, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін 50 балдық межеден аса алмаған түлектердің саны өсіп отыр. Егер 2010 жылы ондайлардың саны 373 түлек болса, биыл 675 бозбала мен бойжеткен тиісті межеден аса алмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін