Атырау облысында жоғалған 7 жасар бала іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жоғалған 7 жасар бала іздестірілуде

Атырау облысында жоғалған 7 жасар бала іздестірілуде

Атырау облысының Мақат ауылында жексенбі күні үйіне қайтып келмеген жеті жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды өңірдегі "ҚазАқпарат" тілшісі.

  • 25 Ақпан 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz


Аманбек Бегісовтің ата-анасының сөзіне қарағанда, бала жексенбі күні түсте итімен бірге ойнауға шыққан. Белгілі бір уақыт өткен соң иті үйге жалғыз қайтып келген.
Кешке дейін күткен ата-анасы алаңдап балаларын іздеуге шығады.  Дүйсенбі күні көкке Қазавиақұтқару тікұшағы көтеріліп, төңіректі қарап шықты, бірақ бұл әрекеттерден еш нәтиже шықпады.
Бүгін ауылда бірнеше іздеу тобы құрылды. Олар кезекпен жертөлелерді тінтіп, ауыл тұрғындарынан сұрастырып жатыр. Алайда бұл оиғаға сәуле түсіретін қандай да бір ақпарат анықталмай тұр.