Атырау облысында жол апатынан 33 жастағы ер адам 3 жасар баласымен опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жол апатынан 33 жастағы ер адам 3 жасар баласымен опат болды

Атырау облысында жол апатынан 33 жастағы ер адам 3 жасар баласымен опат болды

- Атырауда 3 жасар баласымен 33 жастағы ер адам жол апатынан көз жұмды.

  • 7 Желтоқсан 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz


«Оқиға Атырау-Орал тас жолында Индер ауданының Томарлы ауылының маңында орын алды. Атырау қаласының тұрғыны болып табылатын «Дэу-Матиз» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен, оның бұл әрекетінің себептері қазір анықталуда. Салдарынан өзіне қарама-қарсы келе жатқан «ПАЗ» автобусымен соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте болған жолаушы мен сәби оқиға орнында бірден көз жұмды, ал оның жарақаттанған жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Автобустағы жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады аймақтың ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.