Атырау облысындағы дүкен сөрелерін ресейлік тауарлар басып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысындағы дүкен сөрелерін ресейлік тауарлар басып алған

Атырау облысындағы дүкен сөрелерін ресейлік тауарлар басып алған

Атырау облысында Қазақстанның ет өнімдері шығарылуы қажет.

  • 5 Қараша 2013
  • 491
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская мәлім етті.

 «Атырау облысында бірде-бір ет өңдеу бойынша цехтың болмауы мені таңғалдырды. Осы орайда «шұжық өнімдерін қайдан аласыздар?» деген сауалыма олар ресейден сатып алатындықтарын айтты. Тоқетері, өңірдегі біздің қазақстандық дүкен сөрелерін ресейлік тауарлар басып алған»,-деді депутат.

Осы орайда халық қалаулысы бұл облыста табиғи жағдайға байланысты ет шаруашылығын дамыту мүмкін болмаса да, көршілес өңірлерден ет жеткізіп, тиісті ет өңдеу кәсіпорындарын құру керектігін жеткізді.


«Бұл шаралар біздің еліміздің тұтынушылары сапалы әрі қауіпсіз, сондай-ақ біздің кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар қадағалайтын өнімге қол жеткізу үшін қажет»,-деп түйді С. Романовская.