Дүйсенбі күні таңертең зауыт клиникасына «Теңізшевройл» мердігер ұйымдарының бірінің екі жұмысшысы инфекциялық ауру жұқтырды деген күдікпен жеткізілген. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне құлағдар дереккөз мәлімдеді.
Оның айтуынша, олардың бірі көз жұмған, екіншісі Құлсары аудандық орталығының ауруханасына жеткізілді.