«ҚР-дағы мемлекеттік бақылау және реттеу туралы» заңды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылып, оларға айыппұл салынды», — деп Қ. Қыстаубаев жұма күні ҚазТАГ агенттігіне хабарлады.
Қалалық СЭС ветеринарлық-санитарлық инспекторлары қолында тағайындалған тексеру актілері болмай тұрып, кешкісін жұмыс уақыты аяқталған соң, кафені тексеруге әрекет еткен. Қалалық прокуратураның «сенім телефонына» «Эльдорадо» кафесінің меңгерушісінен қоңырау келіп түскен соң, оқиға орнына қадағалау органының мобильдік тобы келіп жетті.
«Аталған факті бойынша, оқиға орнына жылжымалы топ келіп жүргізген тексеріс нәтижесінде инспекция қызметкерлерінің заңсыз тексеріс жүргізгені анықталды», — деп Қ. Қыстаубаев мәлім етті.
Қала прокуратурасымен инспекторларға қатысты ҚР ӘҚБтК 153-ші бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен СЭС қызметкерлеріне 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынды. Қадағалау орган өкілінің айтуынша, бүгінге Атырау қаласының прокуратурасы 57 заңсыз тексеру фактісін анықтап, оларға құатысты прокурорлық ықпал ету шаралары қолданып жатыр.