Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, қайтыс болды

Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, қайтыс болды

Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

  • 31 Қазан 2021
  • 979
Фото - Caravan.kz

Атырау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде үй ішінде ойнап жүрген 10 жастағы бала тоңазытқыштың артына тығылып қалған. Тоқ соққан бала тілге келместен, оқиға орнында ажал құшқан.

“Әжесі хабарласып, немересінің көз жұмғанын хабарлады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері баланың қаза болғанын растады. Мүрдеде жарақат жоқ”, — деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Тексеру амалдары басталды. Айта кету керек, 20 қазан күні Атырауда кішкентай қыз алтыншы қабаттан құлап,
қаза тапқан
болатын.