Атырауда 12 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 12 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті

Атырауда 12 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті

Атырау қаласында 12 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті.

  • 22 Тамыз 2021
  • 84
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт 22 тамызда сағат 05:18-де тұтанған.

«Жалынның салдарынан 1972 жылы салынған 12 пәтерлік бір қабатты тұрғын үй толық жанып кетті. Оқиға орнынан улы газбен уланған 1983 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылып, сағат 06:11-де оқшауланды. Жалын сағат 07:02-де толық сөндірілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өртенген үйдегі 5 пәтердің 22 тұрғын (оның ішінде 9 бала) үшін «Жұлдыз» шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйден уақытша баспана берілді. Ал, 19 адам (оның ішінде 8 бала) туыстарының үйіне орналастырылды.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коттедж өртеніп кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар