Атырауда 28,7 мың гектар жер шегірткеге қарсы өңделді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 28,7 мың гектар жер шегірткеге қарсы өңделді

Атырауда 28,7 мың гектар жер шегірткеге қарсы өңделді

Атырау облысының Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Исатай және Индер аудандарында шегіртке дернәсілдерінің І–ІІІ жас сатылары тіркелді. Өңірде зиянкестердің таралуын бақылау және оларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр

  • 16 Маусым
  • 6
Фото: АШМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, Құрманғазы ауданындағы кейбір елдімекендерде және жол бойында шегірткелер әдеттегіден көп байқалған. 

12 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында шегірткелердің таралуын анықтау мақсатында 345,2 мың гектардан астам жер зерттелді. Мониторинг барысында зиянкестердің шоғырланған ошақтары анықталып, оларға қарсы жедел түрде химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 28,7 мың гектар аумақ өңделген. Шегіртке саны егістік пен жайылымдарға зиян келтіру қаупі жоғары деңгейге жеткен аумақтардың 96 пайызында залалсыздандыру жұмысы жүргізілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өңдеу жұмыстарына арнайы жерүсті техникалары мен аса жеңіл авиация құралдары тартылған.

— Қолданылып жатқан препараттар Қазақстан Республикасында тіркелген және ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауға арналған. Мамандар зиянкестердің дамуы мен таралуын күнделікті бақылауда ұстап отыр. Шегірткеге қарсы күрес шаралары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.