Атырауда адам өлтірген сот қызметкері шартты жазамен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда адам  өлтірген сот қызметкері шартты жазамен құтылды

Атырауда адам өлтірген сот қызметкері шартты жазамен құтылды

Атырауда көлігімен адам қағып өлтірген сот қызметкері жеңіл жазамен құтылды. № 2 сотта хатшы болып қызмет ететін 23 жастағы Алтынгүл Маева 2 шілде күні бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай 3 машинамен соқтығысып, онысымен қоймай, жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелді мерт қылған.

  • 4 Қараша 2014
  • 172
Фото - Caravan.kz


Алтынгүл Маеваға қатысты сот үкімі қатаң болған жоқ. Екі жақтың келісімге келуіне байланысты сот оны шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. 3 жыл сынақ мерзімі және бар. Мәліметтерге қарағанда, кінәлі жақ жәбірленушілерге 1 жарым миллион теңге беріп, келісімге келген. Ал, жылдамдық сүйгіш сот қызметкері көлігінің астына түсіп мерт болған келіншектің артында 4 баласы қалды. Марқұм ауылдан келіп, базарлардың бірінде ұсақ-түйек саудамен нәпақасын айырып жүрген екен.